УИЯД-2-22 тобының студенттері арасында «Тіл білгірлері» зияткерлік сайысы өтті.

16.03.2023

4 наурыз күні М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде Қазақ тілі мен әдебиеті ЦӘК онкүндігі аясында мемлекеттік тілде оқымайтын УИЯД-2-22 тобының студенттері арасында «Тіл білгірлері» зияткерлік сайысы өтті. Ұйымдастырушы - қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Рсаева Жанаргүл Серікбайқызы. Сайысқа «Зеректер», «Алғырлар», «Тапқырлар» атты 3 топ қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды: «Кел, танысайық», «Жүйрік болсаң шауып көр», «Мықты болсаң, тауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр», «Даналықтан дән ізде», «Тапқыр болсаң, талас жоқ». Студенттер сұрақтарға жауап берді, логикалық әрі қызықты жұмбақтар шешті, тілге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тапты, қазақ тілі бойынша жетік білімдерін, тіл үйренуге деген қызығушылықтары бар екендігін көрсете білді. Әділ қазылардың шешімі бойынша «Тапқырлар» тобы жеңіске жетті. Сайыс студенттер бойына ана тілге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш қасиеттерін сіңіру, сөздік қор, сөз шеберлігін дамыту мақсатында өтті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст